АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 08.12.2022

Қарағандыдағы Шахтер кенті жұрты 30 жылдан бері жылу орталығына қосылуды армандаумен келеді. Өйткені көпқабатты үйдің тұрғындары жертөлесіне көмір түсіріп, пәтер ішінде от жағып жан бағады. Қанша әкім ауысса да, мәселені шешетін шенді табылмағанына бұқара ашулы.

Тараздағы көлік жүргізушілер газ таппай сандалып жүр. Бекеттерде сұйытылған газ сатылымы тоқтаған. Ал кейбірі талон талап етіп, тапшылықты одан сайын ушықтыруда. Ал бұған жауапты шенеуніктер не дейді?

Екібастұздағы халыққа 100% жылу беріле қойған жоқ. Оны біз наразылық білдіріп отырған тұрғындармен сөйлескенде білдік. Қаладағы үйлерге жылу берілді дегенмен артынша батареялар жарылып, даладағы жылу желілері қатып қалған екен. Тіпті қаланың әр бұрышында жылу желілері жарылып жатыр. Салдарынан кей жерлерде жылу қайта өшірілген.

Бейсенбі, 08 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар