АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 09.12.2022

«Еуразиялық одақ аясындағы инфляция деңгейі қазан айында 11,5 пайызға жетті. Санкциялық шектеулер Одаққа мүше бәрімізге қысым көрсетіп жатқанын жасыра алмаймын». Бішкекте өтіп жатқан саммитте Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Оған Путиннің реакциясы қандай болды? Тараптар қандай келісімге келді?

Кеше ғана қызметінен босаған Астана әкімі Алтай Көлгінов бүгін вице-премьер лауазымына тағайындалды. Енді ол Үкіметте еліміздің әлеуметтік саласына жауапты болмақ. Яғни білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, отбасы саясаты мен мемлекеттік тіл мәселелері Алтай Көлгіновтің басты бақылауында болады.

Екібастұздағы жағдай оңалып, жылу берілген үйлер көбейіп келеді. Пәтері жылыған елдің қуанышында шек жоқ. Алайда қаладағы екі мектеп пен балабақша, балалар үйі секілді нысандар әлі жылуға қосылған жоқ. Себебі екі аптадан бері мұзға айналған ескі құбырлар жарылып, жұмысшылар апат салдарын жоюмен алысып жатыр. Екібастұздағы қазіргі ахуал жайлы сол қалада жүрген Жансұлу Жиенқұл әңгімелейді. 

Жұма, 09 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар