АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 12.12.2022

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Президент елде азық-түлік қымбат, халықтың табысы төмен екенін айтып, шенеуніктерге тапсырма берді. Үкіметтің жұмысына көңілі толмаған Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтан шынайы жауап беруін сұрады. Премьер Президентке не деп жауап қайтарды? Үкімет халықтың табысын өсіру үшін не істемек?

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жуырда тағайындалған әкімдердің бәріне Екібастұздағы жағдайдың қайталанбауын ескертті. Тоқаев елде әрең жұмыс істеп тұрған 19 жылу электр стансасын шұғыл жаңарту керектігін айтты. Ал Екібастұзда зардап шеккен тұрғындарға өтемақыны кім төлейді? Жылу стансаларында апат неге көбейді?

Қазақстан азық-түлікке ең көп ақша жұмсайтын елдердің көшін бастады. Дүниежүзілік сарапшылар «қазақ елі тапқан табысының тең жартысын ішіп-жемге шығындайды» деген шешімге келген. Толығырақ тілшіміз Тәуірбек Бозекенов тарқатсын.

Дүйсенбі, 12 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар