Мемлекет басшысы Азиядағы ең бай адам саналатын үндістандық Гаутам Аданиді қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев олигархпен ұзақмерзімді инвестициялық жобаларды іске асыру жайын талқылады. Дәулетті мейман энергетика, логистика, ауыл шаруашылығы, қаржы ұйымдары, қорғаныс және аэроғарыш салаларын біріктіретін «Adani Group» компаниясын басқарады. Аданидің 70-тен астам елде 23 мыңнан астам қызметкері бар. Ол Мемлекет басшысына өз компаниясымен энергетика, соның ішінде мұнай-химия саласы мен экономиканың басқа да маңызды бағыттарына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.
Вторник, 13 декабря 2022, 19:40
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.