Қарызға батқандар күтіп отырған банкроттық туралы заң ертең Мәжілістің қарауына түседі. Президент тапсырмасына сәйкес құжат жаңа жылға дейін қабылдануы тиіс. Себебі елімізде несиесін өтей алмай жүргендер бір миллионнан асқан. Заң қабылданса, кредитке өмір сүріп жатқандардың өмірі жеңілдей ме?
Бүгін Тараздағы 200-ге жуық теміржолшы ереуілге шықты. Жұмысшылар жалақымыз жан бағуға жетпейді дейді. Айтуларынша, айлық соңғы он жыл бойы өспеген. 70 мыңнан басталатын еңбекақыға істейтін теміржолшылардың талабын Данияр Әлімқұл тыңдап қайтты.
Шымкентте мемлекеттік бағдарлама аясында берілген баспаналарда тышқан қаптап, иелері үйлерін тастап кетіп жатыр. Көшіп келгеніне бір жыл болмаған тұрғындар азынаған үйде өмір сүру мүмкін емес екенін айтады. Сөздерінше, «Шаңырақ» бағдарламасымен берілген баспана тым сапасыз салынған.
Вторник, 13 декабря 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.