Күні кеше Президенттен сын естіген Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін қарамағындағыларға «шешім қабылдай алмасаңыздар, орындарыңызды босатыңыздар» деген талап қойды. Ал мәжілісмендер «үнемі ұйықтап жүретін министрлер кабинетін мүлде таратып жіберу керек» деген пікір айтты. Министрлер қызметінен кетуге дайын ба? Лауазымды тұлғалармен Айя Мүтәлі тілдесіп келді.
Үкімет отырысынан кейін Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр «Екібастұзда анау айтқандай апат болған жоқ» деген тұжырым жасады. Шенеунік бүкіл қала емес, жартысы ғана қатып қалды дейді. Айтуынша, Екібастұздағы ескірген жылу стансасын жөндеу үшін жыл сайын 12 миллиард теңге қажет. Қаладағы қазіргі ахуал қандай? Тұрғындар қалыпты өмірге оралды ма? Жансұлу Жиенқұлдың материалында.
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Министр заңсыз берілген кен орындарын қайтару жұмыстары жүріп жатқанын да айтты.
Среда, 14 декабря 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.