Алдағы дүйсенбіде өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында не мәселе талқыланатыны белгілі болды. Сенаторлар сайлауы мен Үкіметтің ауыс-түйісі туралы сөз қозғалмайды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Парламенттің жаңа регламентін қабылдау мәселесі қаралады. Соның аясында жұмыс тобы құрылып, оның құрамына қос палата депутаттары кірген. Олар регламентті толықтыру және өзгерту бойынша ұсыныстар дайындап қойыпты. Жөн-жобасы желтоқсанның 19-ында белгілі болады.
Четверг, 15 декабря 2022, 19:51
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.