Жамбылда мемлекеттің миллиардтаған қаржысын жымқырған 8 адам сотталды. Олар алты облыстың ауыл шаруашылығына бөлінген 1 млрд 200 млн теңгені қолды қылған. Жуалы аудандық соты ақша жымқырғандарға 5 жылдан 7 жылға дейінгі жаза кесті. Жаза арқалағандар тойымсыздық танытып, бір емес, алты облыстың ақшасына ауыз салған. Олар бір жыл бойы әр өңірдегі 200 қожалықтың құжаттарын пайдаланып, шаруалардың ақшасын алып келген. Әуелгіде кәсіпкерлерге жоғары сұрыпты картоптың тұқымын тасымалдап береміз деп сендіреді. Сөйтіп шаруалардың электронды цифрлық кілттерін иемденіпті.
Четверг, 15 декабря 2022, 19:52
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.