Тәуелсіз елдің жастары: олар кімдер?

Тәуелсіздіктің төл құрдастары. Бүгінде әр салада еңбек етіп, егеменді елдің дамуына өз үлесін қосып келеді.

Тәуелсіздікпен түйедей құрдас Қайсар Еркінбаев – еркін ойлы, елгезек азамат. Шетелде білімін жетілдіріп, енді өзі сияқты арманы асқақ өрендерді шыңдауға кіріскен. Қайсар жігіт үш тілде іркілмей сөйлейді. Қытайда халықаралық бизнестің байыбына барып, оны жаңаша модельдеуді үйренген. Жас та болса шетелдік компаниялармен іскерлік байланыс орнатып үлгеріпті. Тәуелсіздіктің талабы таудай құрдасы қазір идеяларды иіріп әкететін заман дейді. Шәкірттерінің әр қадамына демеу болып, талайына берекелі бизнестің кілтін ұстатқан жан.

Бейсенбі, 15 Желтоқсан 2022, 19:50

Соңғы шығарылымдар