Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты тергеу аяқталды

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісінде екі факт бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәлімдеді. Аталған фактілер – кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, оның ішінде адам ұрлауға қатысты екі эпизод бар.

Гүлмира Сатыбалды мен өзге де күдіктілер нысан құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда. Келтірілген залал 6 млрд 600 млн теңге. Тергеу барысында шығын сомасы толық өтелген. Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда.

Дүйсенбі, 19 Желтоқсан 2022, 19:43

Соңғы шығарылымдар