АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 19.12.2022

Бүгін депутаттар алдында есеп берген министр Мусин еліміздегі интернет сапасының нашар екенін мойындады. Дегенмен шенеуніктің жоспары күшті. Елді 5G интернет желісі тартылады деп қуантып қойды. Сонымен, интернет пен байланыс сапасының нашарлығына Мусин кімді айыптайды?

Қаржылық мониторинг агенттігі белгілі журналист Михаил Козачковтың ұсталғанын мәлімдеді. Агенттік таратқан хабарламада журналистің «Болат Назарбаевтың көмекшісімен байланысты қылмыстық топқа рейдерлік жасауға көмектесті» деген күдікке ілінгені жазылған.

Бүгін Сенат пен Мәжілістің жұмысын реттейтін жаңа регламент қабылданып бекітілді. Құжатқа сәйкес бұдан былай заңды Сенат емес, Мәжіліс қабылдайтын болды.

Дүйсенбі, 19 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар