Ақтөбеде спорт мектебі директорының орынбасары сот шешімімен үйқамаққа алынды. 32 жастағы азамат абайсызда жол ережесін бұзып, соның салдары адам өліміне әкелді деген күдікке ілініп отыр. Еске салайық, 17 желтоқсан күні Ақтөбе тас жолында жекеменшік көлік аударылып, жарысқа бара жатқан 8 оқушы мен жаттықтырушы зардап шекті. Бір бала оқиға орнында көз жұмды. Қазір 2 оқушы мен 21 жастағы жаттықтырушының жағдайы ауыр. Қалған 3 бала есін жиып, палатаға ауыстырылды. Жантүршігерлік жол апатынан кейін спорт мектебі басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Себебі басшылық балаларды жарысқа арнайы автобуспен емес, жеке көлікпен апармақ болды.
Вторник, 20 декабря 2022, 19:55
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.