Орталық Азияда ортақ медиакеңістік құрылуы мүмкін

Әлемдік медианың белді өкілдері бүгін Астанада бас қосты. Елордада бірінші Орталық Азия медиафорумы басталды. Шараға қатысушылар арасында әлемге әйгілі жұлдыздар да бар. Сарапшылар өңірдегі саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиакеңістік құру идеясын айтты. Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүлдің айтуынша, ортақ ақпараттық кеңістік құрылатын болса, халықаралық ынтымақтастық нығая түседі. Үкімет журналистерден қорықпауы немесе жасырынбауы қажет.

Сейсенбі, 20 Желтоқсан 2022, 19:57

Соңғы шығарылымдар