Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мерзиеевпен Ташкентте кездеседі. Бұл мемлекет басшыларының биылға үшінші рет жеке жүздесуі. Бұл жолғы басқасуда не талқыламақ? Өзбек елімен Қазақстан қандай келісімге келуі мүмкін? Ташкент қаласына арнайы барған әріптесіміз Айя Мүтәлі тарқатады.
Жылу орталықтарын қалыпқа келтіру үшін тариф қымбаттауы мүмкін. Энергетика министрі Болат Ақшолақов бүгін Үкімет отырысындағы есебінде осылай деді. Сөзінше, инвесторларды тауып, олар ақша бөлгенше электр станцияларын бір жаңартып алу керек екен. Ал тәуелсіздік алған 30 жылда неге бір де бір жылу станциясы салынбады? Екібастұздағы апатқа кімдер жауап бермек? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбайдың материалында.
Астанада қараңғы көшеде 8 жасар баланы көлік қағып кетіп, тұрғындар наразылыққа шықты. Есілдің сол жағалауындағы халық көшелерде электр шамдарының жоқтығы жанымызға батты деп қапалы. Электр энергиясының күші тіпті бағдаршам жағуға жетпейді екен. Көлік қаққан баланың жағдайы қалай? Шенділер не дейді? Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Вторник, 20 декабря 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.