Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бұрынғы мәдениет министрі және Ұлттық музей басшысы болған Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотынан белгілі болды. Еске салсақ, биылғы мамырдан бері қамауда отырған ол Ұлттық музей директоры болып тұрған кезінде «Алтын адамның әлем музейлеріндегі шеруі» атты халықаралық көрмеге бөлінген 146 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталды. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр.

Среда, 21 декабря 2022, 19:47

Соңғы шығарылымдар