Тараздың кіреберіс қақпасы күл-қоқысқа толы

Таразға кіреберістегі бас қақпа қоқыс қалдығын тастайтын орынға айналған. Ал қақпаның есігі ашық қалғандықтан ішіне қаңғыбастар түнейтін болған. Бұқара Батыс қақпаның бүгінгі жағдайы балалар өміріне қауіпті дейді. Өйткені Бектөбе ауылының балалары 21 метр ғимараттың төбесіне шығып ойнауды әдетке айналдырған. Электр сымдары да қолсозым қашықта жатыр. Жарық шамдары жарамсыз, қабырға сылақтары түскен.

Сәрсенбі, 21 Желтоқсан 2022, 19:51

Соңғы шығарылымдар