АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 21.12.2022

Қазақстан мен Өзбекстан құны 9 млрд АҚШ доллары болатын ортақ жобаларды іске қоспақ. Ташкентке ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды құжатқа қол қояды деп күтілуде.

Дәрігерге қателігі үшін жаза жеңілдеуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі бүгін Мәжілісте тиісті заң жобасын таныстырды. Ажар Ғиният адам өміріне салғырт қараған ақ халаттыларға айыппұл төлету, әрі кетсе бостандығын шектеу жазасын қолдану жеткілікті екенін айтты. Ал бұған дәрігерлердің жауапсыздығынан опық жегендердің көзқарасы қандай?

Жамбылда әкімдікке қарасты бөлім қызметкерлері сотталып кетті. Қордай ауданының мемлекеттік қызметшілері қоқыс жинауға бөлінген қаржыны жымқырған. Прокурорлар олардың 21 млн 600 мың теңгені талан-таражға салғанын анықтаған. Аудан атқамінерлері әлеуметтік осал топқа жататын тұрғындардың тұрмыстық қалдығын шығаруға бөлінген қаржыны сөз байласа отырып, өз қалтасына басқан.

Сәрсенбі, 21 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар