АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 22.12.2022

Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп кір жуатын машина, теледидар сынды тұрмыстық техника шығармақ. Қостанайда келесі жылы автокөлік құрастыру зауыты іске қосылады. Ташкентке мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды құжатқа қол қойды. Төрт күннен бері Ташкентте жүрген әріптесім Айя Мүтәлі толығырақ айтып береді.

Қаңтар оқиғасына қатысқандарды азаптаған 37 құқық қорғау қызметкері жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратура өкілі мәлімдеді. Ведомство тергеудің жақын арада аяқтала қоймайтынын да жеткізіп отыр. Оның себебі неде?

«Қаңтар көтерілісінде» Шымкенттегі ауруханалардың біріне екі күнде жүзден аса адам жеткізілген. Қансыраған жандарды аман алып қалу үшін тәулік бойы көз ілмей жанталастық дейді дәрігерлер. Ал өрт сөндірушілер қоршауда қалып, сегіз сағат бойы өртпен алысқанын еске алады. Шымкенттегі қаңтар трагедиясын Назерке Үкібасова да еске алған еді.

Четверг, 22 декабря 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар