Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі жұртына ортақ перзент. Астанада Алаш қайраткерінің туған күніне орай халықаралық конференция өтті. Меймандар түркі әлемінің көсемі туралы мол ақпарт пен тың фотодеректерді тамашалады. Басқосуда 200-ден астам зерттеу жұмыстары тіркеліп, сараптамаға жіберілді. Ғылыми еңбектер мен ізденіс жұмыстары жинаққа енгізіліп, қалың оқырманға жол тарпақ. Ал Мұстафа Шоқайдың ұрпақтары мұражай қорына саясаткердің әлі еш жерде жарияланбаған 70-ке жуық суретін табыстады.
Понедельник, 26 декабря 2022, 20:06
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.