Келесі жылдан бастап коммуналдық тарифтер қымбаттайды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап бағаның өсетінін жеткізді. Осылайша Үкімет елдегі тозығы жеткен желілердің 20% тарифтерді өсіру есебінен жаңартпақ. Еске салсақ, Екібастұз тұрғындары жарты ай жылусыз отырды. Министр қаладағы коммуналдық тариф бағасын 2,5 есе өсіру ұсынысы түскенін айтты. Бірақ ол мүмкін емес дейді министр.
Понедельник, 26 декабря 2022, 20:03
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.