Назарбаевтың бұрынғы құдасы, Қазақстандағы ең ықпалды бес кәсіпкердің бірі болған Қайрат Боранбаевтың ісі сотқа жолданды. Айта кетейік, олигархтың қызы Дариға Назарбаеваның ұлы марқұм Айсұлтанның әйелі болған. Сондай-ақ бүгін Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы, полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеудің аяқталғаны мәлім болды.
2022 жыл еліміз үшін ауыр жыл болды. Жыл қасіретті «Қаңтар көтерілісімен» басталды. Ресми мәлімет бойынша, 238 адам қаза болды. Дәл осы Қаңтар оқиғасынан кейін елімізде үлкен саяси өзгерістер болып, «Жаңа Қазақстан» құрылды. Қазақстандықтар тағы қандай саяси оқиғалардың куәсі болды? Әріптесім Жалғас Зейнолла еске түсірді.
Қаңтар қасіретінен кейін құқық қорғау органдарының құрығына ілігіп, темір торға тоғытылғандар биыл ерекше көп. Әсіресе танымал, елге беделді азаматтардың «ұсталды» дегеніне халық таңғалмайтын болды. Қауіпсіздік комитетінің төңкеріс ұйымдастырмақ болған экс-басшысы Кәрім Мәсімов, Назарбаевтың туысқандары, олигарх Қайрат Боранбаев және Гүлмира мен Қайрат Сатыбалдылар, қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелді. Қаңтарда қамауға алынғандардың тағдыры қалай өзгерді? Ал жылдар бойы тергеліп келген қылмыстық істерге нүкте қойылды ма? Биыл бүкіл халықтың назарында болған даулы істер хронологиясын әріптесім Аягөз Тұрсынбай зерттеп көрді.
Понедельник, 26 декабря 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.