Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаев 800 мың доллар парамен ұсталды. Ол Төтенше жағдайлар министрлігіне қарайтын «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесін 2019 жылдан бері басқарады. Ол «CONSTRUCTION»-«INFR» серіктестігі бөлімшесінің директорынан ақша алу кезінде қолға түскен. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады. Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысын 5 жыл басқарған.
Айта кетейік, бұрынғы шенеунік экс-әкімдер арасында пара көлемі бойынша биылғы рекордсмен болуы мүмкін.
Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2022, 19:56
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.