АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 27.12.2022

Жыл ішінде Қазақстан халқы түрлі апаттарды бастан өткерді. Арасында адам өлімімен аяқталған оқиғалар да бар. Соның бірі – Қарағанды облысының Ленин шахтасындағы жарылыс. Салдарынан 5 кенші қаза тапты. Жыл ішінде тағы қандай ірі апаттар болды? Әріптесіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатсын.

Биыл адам жанын түрлі апаттан аман алып қалған отандастарымыз аз болмады. Бірінің жанқиярлығы мемлекет тарапынан еленсе, екіншісі халықтың шын ықыласына бөленді. Ал 3 адамды өрттен құтқарып, қызыл жалынмен алысқан марқұм Асқар Забикулиннің ерлігі мәңгі ел есінде. Тілшіміз Тәуірбек Бозекенов биыл ел есінде қалған оқиғаларға шолу жасаған еді. Бірге көрейік.  

Биыл тек Қазақстан үшін емес, бүкіл әлем үшін оңай болмады. Соғыс, тұрақсыздық, экономикалық дағдарыс, инфляция, аштық. Десе де 2022 жыл жағымды жаңалықтар мен айтулы оқиғаларға да толы болды. Биыл әлемді дүр сілкіндірген елеулі оқиғаларды Жансая Қапасқызы еске түсіріп көрді.

Сейсенбі, 27 Желтоқсан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар