Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған кімдер? Жаңа Қазақстан депутаттар тобы Бас прокурор Берік Асыловқа осылай төтесінен сауал жолдады. «Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың басында белгілі саяси лауазымды адамдардың болғаны анық. Солар арнайы дайындықтан өткен, мұздай қаруланған баскесер содырларға нұсқама берді. Нәтижесінде олар билік органдарына шабуылдады». Осылай деген депутаттар тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар жылдың басында Мәжілістің алғашқы жалпы отырысына келіп, қаңтар оқиғасына қатысты барлық сауалға бүкпесіз ашық жауап беруін талап етті.
Среда, 28 декабря 2022, 19:56
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.