Қарағандыда 2-ші сынып оқушысы қайтыс болды

Дәрігерлер бұған тұмау себеп дейді. Қызуы көтерілген балаға ата-анасы дәрі беріп амалдаған. Алайда ертеңінде қыз бала ұйқыдан оянбаған. Лилия демалыс күндері ауырған. Жақындары қыз баланы келесі күні ауруханаға жеткізіпті. Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызу керектігін айтқанымен, ата-анасы қолхат жазып, үйіне алып кеткен. Дей тұрғанмен, қазір өлім себебі анықталуда дейді. Ал мектеп басшылығы залалсыздандыру шараларын күшейткен. 

Сәрсенбі, 28 Желтоқсан 2022, 19:59

Соңғы шығарылымдар