Қарағанды облысында 19 вагон рельстен шығып кетті

Теміржолда тағы апат болды. Бұл жолы астық тиелген 19 жүк вагоны жолдан шығып кетті. Апат Қарағанды-Ақадыр бағытында тіркелді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, алдыңғы вагонның дөңгелектері айналмай, тиелген бидай айдалаға шашылған. Ал тіркемелер жеке компанияға тиесілі болып шықты.

Сәрсенбі, 28 Желтоқсан 2022, 20:02

Соңғы шығарылымдар