Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған кімдер? Жаңа Қазақстан депутаттар тобы Бас прокурор Берік Асыловқа осылай төтесінен сауал жолдады. «Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың басында белгілі саяси лауазымды адамдардың болғаны анық. Солар арнайы дайындықтан өткен, мұздай қаруланған баскесер содырларға нұсқама берді. Нәтижесінде олар билік органдарына шабуылдады». Осылай деген депутаттар тиісті күштік құрылымдар мен мемлекеттік органдар жылдың басында Мәжілістің алғашқы жалпы отырысына келіп, қаңтар оқиғасына қатысты барлық сауалға бүкпесіз ашық жауап беруін талап етті.
Елбасы туралы заң күшін жойса, ондағы нормалар мен артықшылықтар да жойылады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бұрынғы Президент пен оның жақын туыстарының заң бұзғаны анықталса, бәрі заң жүзінде жазаланады деді.
Өскемендегі жердің бәрі Ахметовтікі, Павлодардағы Бақауовтікі, Астананың маңы Шөкеевке тиесілі. Бүгін мәжілісмендер өңірлердегі жерлер әлі күнге әкімдерге тиесілі екенін айтып, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке шүйлікті. Халық төрт түлікке жайылым таба алмай сандалып жүргенде, жер телімдерін қалағанынша иемденіп алғандар кімдер? Мәжіліс отырысына қатысқан әріптесіміз Аягөз Тұрсынбайдың материалында.
Среда, 28 декабря 2022, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.