АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 29.12.2022

Қасіретті қаңтар оқиғасына бір аптадан кейін бір жыл толады. Елімізде қаңтар көтерілісіне қатысты материалдар жыл бойы тергеліп жатыр. Бас прокуратура қылмыстық істерді тергеу келесі жылы да жалғасатынын мәлімдеді. Ал Қаңтар көтерілісін ұйымдастырды деген күдікке ілінген «Дикий Арманның» ісі келесі айда аяқталуы мүмкін.

Жаңа жылдан кейін бірқатар министрлер қызметімен қоштасуы мүмкін. Бүгін Сенат отырысына қатысқан Президент Үкімет жұмысына көңілі толмайтынын айтты.

Жаңа жылдан бастап елімізде Конституциялық сот жұмысын бастайды. Президент сенаторларға бүгін Конституциялық сот төрағалығына кандидатура ұсынып, оны депутаттар бірауыздан қолдады.

Четверг, 29 декабря 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар