Жамбыл облысында 17 мыңға жуық тұрғын вирустық инфекция жұқтырған

Жамбыл облысында тұмау өршіді. Дәрігерлер бетперде тағу қажеттігін айтып, дабыл қаға бастады. Мамандардың мәліметі бойынша, соңғы 14 күнде облыста 17 мыңға жуық тұрғын вирустық инфекция жұқтырған. Аймақтың жедел-жәрдем дәрігерлерінің  жұмысы қауырт. Өйткені 10 шақыртудың 7-еуі дене қызуының көтерілуімен байланысты. Қазір өңірде 124 бригада тоқтаусыз жұмыс істеуде. Оның 32-сі емханаларға тіркелген. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмау жұқтыру дерегі қазан айынан бері көбейе түскенін айтады. 

Пятница, 30 декабря 2022, 20:18

Соңғы шығарылымдар