Қайрат Боранбаев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтты

«Бұл айыптау маған түсініксіз» деген олигарх Қайрат Боранбаев сотта қолындағы қағазға қарай берді. Өзіне тағылған айыптарды шектен шыққандық деп, онымен келіспейтінін жеткізді. Астанада өткен кезекті сот отырысында бизнесмен журналистерге «кінәсізбін, ешқандай заңды бұзған жоқпын» деп ағынан жарылды. Сотта «АзияГаз Чунджа» серіктестігінен «сұйытылған газды сатып алу кезінде 14 млрд теңге қаржы ұрлау» эпизоды қаралды. Бірақ олигарх көк отыннан көк тиын жымқырмадым деп отыр.

Сәрсенбі, 04 Қаңтар 2023, 18:50

Соңғы шығарылымдар