Ұлытау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған үйлердің сапасы сын көтермейді

«Нұрлы жерден» дау арылмады. Аталған мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болған Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы тұрғындары сапасыз құрылысқа шағым айтты. Көпқабатты үйлердің сыртқы кірпіштері алғашқы боранға шыдас бермей, сыпырылып қалған. Бағдарлама бойынша үйлі болғандар 2018 жылы қоныстаныпты. Алайда бұқара сапасы төмен құрылыс материалдары қолданылғанын айтып, ең болмаса ұсқынсыз боп тұрған сыртқы қапталын жөндеп беруді талап еткен. Жергілікті атқамінерлер тек 2021 жылы тұрғындардың талабын орындауға назар аударды. Осы мақсатқа 18 миллион теңге бөліп, жұмысты бастаған болатын. Бірақ былтыр кірпіш бағасы қымбаттады деп аяқсыз қалды.

Сәрсенбі, 04 Қаңтар 2023, 18:43

Соңғы шығарылымдар