Қазақстанда коронавирус қайта өршіп барады

Екінші күн қатарынан коронавирустан адам өлімі тіркелді. Марқұм Атырау қаласының тұрғыны болған. Елде қазір тұмаумен қатар коронавирус өршіп барады. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарат бойынша, өткен тәулікте 120-ға жуық адамның коронавирус жұқтырғаны анықталса, оның 60-тан астамы Астанада тіркелген.
Қазір елімізде 2,5 мыңға жуық (2 447) науқас коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 305 пациент стационарда, екі мыңнан астамы (2 142) үйде ем қабылдап жатыр.

Бейсенбі, 05 Қаңтар 2023, 17:58

Соңғы шығарылымдар