Антикор төрағасының экс-орынбасары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды. Мақсат Қожабаев сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді. Лауазымды шенеунікті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тұтқындаған. Қазір жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қожабаев антикор басшысының орынбасары болып 2021 жылы тағайындалған. Оған дейін Шымкент прокуроры болған. Әр жылдары ол дәл осы прокуратура саласында көптеген өңірде қызмет атқарған.

Дүйсенбі, 09 Қаңтар 2023, 19:51

Соңғы шығарылымдар