Наурыздан бастап көше, қоғамдық орындарда боғауыз сөз айтқандар 30 тәулікке қамалуы мүмкін. Бұл туралы Әкімшілік кодекстің жаңа редакциясында жазылған. Полицейлердің түсіндіруінше, жаңа нормаларға сәйкес қоғамдық орындарда бейәдеп сөйлегендер ісі ұсақ бұзақылық деп танылмақ. Егер бұрын мұндай құқықбұзушылыққа 17 мың теңге көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамау жазасы көзделсе, енді 20 АЕК, яғни 69 мың теңге айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамау жазасы тағайындалуы мүмкін.
Понедельник, 09 января 2023, 19:53
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.