АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 09.01.2023

Қаңтардың қытымыр аязы мен қатты боран кесірінен елдегі ірі тасжолдардың көбі жабылды. Алайда төтенше жағдайлар қызметінің ескертуін елемеген 150-ге жуық адам өткен тәулікте жолда қалған. Құтқарылған азаматтардың жағдайы қалай?  Шенділер қандай ескерту жасап жатыр?

Көмір бағасы бір күнде қымбаттап кетті. Осыған келіспеген 150-ге жуық жүк көлігінің қожайындары «Шұбаркөл көмір» кенішінің алдына жиналып, бағаны арзандатуды сұрап жатыр. Көмір тасып жүргендердің айтуынша, кеніш басшылығы қара отынның құнын әкімдікпен келіспей өсіріп жіберген. Толығырақ тілші материалында.

Тараз тұрғындары түрмені көшіруді талап етіп, түзету мекемесінің алдына жиналды. Бұған телефон байланысының істемеуі себеп болып отыр. Айтуларынша, түзету мекемесі он күннен бері ұялы байланысты бұғаттайтын құрылғыларды қосып қойған. Бұқара бұдан «сотталғандардың мұрты қисайған жоқ» дейді. Өйткені олар сыртқы ортамен кептер ұшырып, хат алмасып отырғанын айтады. Зардабын қарапайым халық тартып отырғанына ашынады. Тұрғындардың талабы орындала ма?

Дүйсенбі, 09 Қаңтар 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар