АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 10.01.2023

«ҚазМұнайГаз» компаниясының бұрынғы атқарушы-директорының үстінен іс қозғалады. Бүгін Қайрат Боранбаевтың соты кезінде прокурорлар осындай мәлімдеме жасады. Оған бизнесменнің миллиардтаған қаржыны оп-оңай жымқыруын ұйымдастырды деген  айып тағылды. Қазақстандағы ең бай бес адамның қатарына кіретін Қайрат Боранбаев ісі бойынша кезекті сот отырысынан Айя Мүтәлі тарқатады.

Алматыдағы қойма жүргізушілері жұмыстан жаппай кетіп жатыр. Себебі серіктестік тауар жоғалғанын сылтау етіп, былтырдан бері жалақы бермей қойған. Кондитерлік фабриканың алдын торып, маңдай терімен тапқан жалақысын талап етіп жүрген жұмысшылармен тілшіміз Бауыржан Жақсымбет тілдесіп қайтты.

Боғауыз айтқаны үшін 30 күн қамауға алынуы мүмкін екенін естіген жұрт кешеден бері бұл заңды қызу талқыға салып жатыр. Бірақ ел бейәдеп қылығы үшін 69 мың айыппұл төлеуге дайын емес сияқты. Сонымен халықтың пікірі қандай? Бұл заң кімдерді неден тыяды?

Сейсенбі, 10 Қаңтар 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар