Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты 122 жол учаскесі жабық

Жолдар әлі жабық. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қатты боран мен көктайғақтан 122 автожол учаскесі жабық. Оның ішінде дизельді және қоғамдық көлік жүретін республикалық маңызы бар 42 учаске бар. Соның өзінде кей өңірлерде автокөліктер жол бойында жиналып қалған. Ведомство дерегінше, Қарағанды облысының Теміртауға жақын тұсында 60 шақты техника тұр. Құтқарушылардың да жұмысы қауырт, олар жолда қалғандарды эвакуациялауда.

Сейсенбі, 10 Қаңтар 2023, 19:47

Соңғы шығарылымдар