Мәжіліс таратылуы мүмкін: депутаттар дайын ба?

Алдағы жұмада Парламенттің бірлескен отырысы өтеді. Мәжіліс қаңтардың аяғында таратылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов айтты. Депутаттың айтуынша, Парламентті тарату депутаттар бастамасы болуы әбден мүмкін. Ол өзі де Парламенттің формалды түрде таратылуына дайын екенін айтты. Ал заң бойынша Парламентті таратқаннан кейін 2 айдан соң сайлау өтеді.

Сәрсенбі, 11 Қаңтар 2023, 19:48

Соңғы шығарылымдар