Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, «Тұңғыш президент – Елбасы» заңының күшін жойды. Құжат Конституциялық соттың ресми сайтында жарияланып, қаулы күшіне енетіні және шағымдануға жатпайтыны жазылған. 83 жасқа таяған экс-президент Назарбаевта қандай иммунитеттер қалды? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатады.
Алдағы жұмада Парламенттің бірлескен отырысы өтеді. Мәжіліс қаңтардың аяғында таратылуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов айтты. Депутаттың айтуынша, Парламентті тарату депутаттар бастамасы болуы әбден мүмкін. Ол өзі де Парламенттің формалды түрде таратылуына дайын екенін айтты. Ал заң бойынша Парламентті таратқаннан кейін 2 айдан соң сайлау өтеді.
Үштік газ одағына қатысты Ресейден ресми ұсыныс түскен жоқ. «Болып жатса, қарастырамыз». Журналистердің сұрағына жауап берген премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін осылай деді. Үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы отырысы қалай өтті? Жаңадан тағайындалған 5 министрді өзге әріптестері қалай қабылдады? Әлихан Смайылов бастаған Үкімет биыл қалай жұмыс істемек? Айя Мүтәлі тарқатады.
Среда, 11 января 2023, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.