Президент саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы көптомдық кітаппен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған көптомдық еңбек таныстырылды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Аталған еңбек өткен ғасырдың бірінші жартысында қудаланғандарды толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның зерттеулері негізінде жазылған. Осы тұрғыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке есеп берді. Оның пайымдауынша, белгілі ғалымдар мен сарапшылар әртүрлі архивтерде, жабық қорларда ауқымды зерттеу жүргізіпті. Қуған-сүргіннің сан түрлі санаттары бойынша құрастырылған құжат 31 томға жеткен. Қудалауға ұшырағандарды толық ақтауға қатысты жұмыстар әлі жүргізіліп жатыр.

Бейсенбі, 12 Қаңтар 2023, 19:49

Соңғы шығарылымдар