Назарбаев енді «Құрметті сенатор» емес. Осыдан 4 жыл бұрын берілген атақ Сенат регламентінен алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Ал бір күннен кейін өтетін Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында кімдер бәсекеге түседі? Сайлау қалай өтеді? Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл тарқатады.
Сақылдаған сары аяз көктайғаққа ұласты. Астанадан бастап еліміздің көптеген аймағында көшелер мұз айдынына айналды. Бұл аздай, енді солтүстіктің салқыны оңтүстік өңірлерге жетеді деп болжануда. Аяз көтеріледі деп «Қазгидромет» ескерткеніне қарамастан, коммуналдық қызметтер неге дайын болмай шықты? Көк мұзда тайып жарақат алғандар саны күрт көбейгені рас па? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай сұрастырған еді.
Еліміздегі қаңтар оқиғасына ұқсас жағдай Перуде болып жатыр. Халық желтоқсаннан бері билікке қарсы наразылық білдіруде. Полициямен қақтығыста ондаған адам мерт болды. Ашынған жұрттың талабы қандай? Жансая Қапасқызы толығырақ
Четверг, 12 января 2023, 18:30
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.