АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 13.01.2023

Бүгін Парламент Назарабаевты ерекше мәртебесінен айыруды бірауыздан мақұлдады. Осылайша депутаттар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерден айыруды қолдады. Бұл заңның күші жойылса, экс-президент отбасы мүшелері қандай кепілдіктерден айырылады?

Ішкі істер министрлігінің шетелдік көліктерді заңдастырамыз дегені сол еді, бір топ көлік қожайыны Астанада наразылыққа шықты. ҚР Ішкі істер вице-министрінің «қолдан жиналған темір тұлпарлар мүлде заңдастыруға келмейді» дегені жиналғандардың түсінбеушілігін тудырыпты. Кезінде шекарадан тыныш өткізіп, енді заңсыз деп отырған билікке наразы жүргізушілер кімнен араша сұрарын білмейді.

Қазақстанда 1,5 айдан кейін банкроттыққа өтініш беру басталады. Қазір елдегі 1 млн-нан астам адам несиесін уақытылы өтей алмай жүр. Арасында қара тізімге іліккендер де бар. Сонымен заң қалай жүзеге асады? Кімдер берешегінен құтылады?

Жұма, 13 Қаңтар 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар