«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды

Алматыдағы атышулы «Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктілерді Алматы облысы Қарасай аудандық криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр. Олар – Данияр Әбдіғапаров, Жұмадин Патов, Қанат Жақаев пен Айдос Нұрқалиевтер. Қазіргі уақытта аталған тұлғаларды қолға түсіру, Қарасай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Олар алаяқтық немесе бөтеннің мүлкін жымқыру қылмысына қатысы болуы мүмкін.

Дүйсенбі, 16 Қаңтар 2023, 19:53

Соңғы шығарылымдар