АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 16.01.2023

Алдағы 30 жылда әлемдегі 7 млрд халық су тапшылығының зардабын көруі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабидегі самитте климаттың өзгеруінен қандай залал болатынын айтты. Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірлігіндегі ресми сапары жайлы әріптесіміз Айя Мүтәлі баяндайды.

Сенат құрамы 80%-ке жаңарды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын жариялап, су жаңа депутаттардың атын атады. 20 өңірдегі мәслихаттар сайлаған сенаторлар кімдер? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай толығырақ.

Шетелден әкелінген көліктер Интерпол базасы арқылы тексеріледі. Бүгін Ішкі істер министрлігі жаппай наразылықтан кейін өзге елден әкелінген көлік қожайындарына жауап берді. Полицейлердің айтуынша, шекарадан өткен әр көлікке арнайы код беріліп, әр автокөлік бойынша жеке шешім қабылданады. Заңдастыру қалай жүзеге асады? Тәуірбек Бозекенов тарқатсын.  

Понедельник, 16 января 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар