Президенттің БАӘ-ге сапары: өзара келісім Қазақстанға не береді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абу-Дабиге ресми сапары жалғасып жатыр. Президентті салтанатты қарсы алу рәсімі жергілікті уақытпен сағат 11-де Абу-Дабидегі «Әл-Уатан» сарайында өтті. Оған Араб Әмірліктерінің жан-жақты дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Президент мінген көлік сарайға жеткенше сарбаздар жүріс-тұрысын реттеп, оркестр бірнеше мәрте жаттықты. Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян өзі күтіп алып, қос ел басшысы бір-біріне ілтипат білдірді. Президенттің құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылып, Қазақстан әнұраны орындалды.

Сейсенбі, 17 Қаңтар 2023, 19:39

Соңғы шығарылымдар