АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 17.01.2023

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абу-Дабиге ресми сапары жалғасып жатыр. Президентті салтанатты қарсы алу рәсімі жергілікті уақытпен сағат 11-де Абу-Дабидегі «Әл-Уатан» сарайында өтті. Оған Араб Әмірліктерінің жан-жақты дайындалғаны көрініп-ақ тұр. Президент мінген көлік сарайға жеткенше сарбаздар жүріс-тұрысын реттеп, оркестр бірнеше мәрте жаттықты. Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян өзі күтіп алып, қос ел басшысы бір-біріне ілтипат білдірді. Президенттің құрметіне зеңбіректен 21 рет оқ атылып, Қазақстан әнұраны орындалды.

Батыс Қазақстан облысының су жаңа әкімі Нариман Темірғалиев Ақсайда ереуліге шыққан жұмысшылармен келіссөз жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Кәсіпорын қызметкерлері екі күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып, жалақыны 50 пайызға көтеруді сұрап отыр. Еңбек дауына қатысты Үкімет қандай ұстанымда? Екі күннен бері далада тұрған халықтың талабы орындала ма?

Елбасы туралы заң күшін жойғаннан кейін Назарбаев әулетіне тиесілі заңсыз жерлер қайтарыла ма? Бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистер Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтен осылай деп сұрады.

Сейсенбі, 17 Қаңтар 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар