Қазақстан енді Францияда тергеу жүргізе алады. Бүгін Мәжіліс депутаттары осыған қатысты заң жобасын қабылдады. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевтің айтуынша, екі ел арасында жасалған шартта Қазақстан тарапы Францияға сұрау жолдап, қылмыстық іс бойынша куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға, заттай айғақтарды тәркілеуге мүмкіндік алады. Бас прокурордың орынбасары Францияда тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтару мәселесіне қатысты да пікір білдірді.
Среда, 18 января 2023, 19:56
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.