АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 18.01.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-дегі ресми сапарының соңғы күні Дубай қаласы шейхымен жүздесіп, бірқатар мәселені талқылады. Мемлекет басшысы сапар барысында арабтармен қандай келісімдерге қол қойды?

Қазақстан енді Францияда тергеу жүргізе алады. Бүгін Мәжіліс депутаттары осыған қатысты заң жобасын қабылдады. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиевтің айтуынша, екі ел арасында жасалған шартта Қазақстан тарапы Францияға сұрау жолдап, қылмыстық іс бойынша куәгерден немесе жәбірленушіден жауап алуға, заттай айғақтарды тәркілеуге мүмкіндік алады. Бас прокурордың орынбасары Францияда тұрып жатқан экс-банкир Мұхтар Әблязовты Қазақстанға қайтару мәселесіне қатысты да пікір білдірді.

Облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдері сол лауазымда бес жылдан артық қызмет етпеуі керек. Бүгін Үкімет басшысына осындай сауал жолданды. «Олардың саяси партияларға мүше болуы да құқықтық қайшылық тудыруы мүмкін», – дейді депутаттар.

Сәрсенбі, 18 Қаңтар 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар