Мәжілістің кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихатты таратып, кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі. Ақордада жарияланған хабарламада Тоқаев Мәжіліс депутаттарының 70% партиялық тізім арқылы, ал қалған 30% бірмандатты округтерден сайланатынын еске салған. Сондай-ақ Тоқаевтың мәлімдеуінше, сайлаудың заңға сәйкес өтуі қатаң қадағаланады. Бұған дейін Қаржы министрлігі Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 33,4 млрд теңге қаржы бөлінетіндігін хабарлаған. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайлауға түседі.

Бейсенбі, 19 Қаңтар 2023, 19:36

Соңғы шығарылымдар