АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 19.01.2023

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихатты таратып, кезектен тыс сайлауын 19 наурызға белгіледі. Ақордада жарияланған хабарламада Тоқаев Мәжіліс депутаттарының 70% партиялық тізім арқылы, ал қалған 30% бірмандатты округтерден сайланатынын еске салған. Сондай-ақ Тоқаевтың мәлімдеуінше, сайлаудың заңға сәйкес өтуі қатаң қадағаланады. Бұған дейін Қаржы министрлігі Мәжіліс пен мәслихат сайлауына 33,4 млрд теңге қаржы бөлінетіндігін хабарлаған. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайлауға түседі.

Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдаған мәжілісмен Азамат Әбілдаев «Ақ жол» партиясынан шығарылды. Енді депутаттық мандатынан да айырылады.  Қоғамды шулатқан сұхбаттан кейін шұғыл кеңес өткізген «Ақ жол» партиясының өкілдері Әбілдаевтың Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздерін саралап, саяси баға берген. Мәжілісмен орнын қашан босатады? Бір-ақ сәтте партиядан шығарылып, мандатынан айырылған депутат бұл пікіріне өкіне ме?

Алматы облысындағы екі ауыл тұрғындары бірнеше күннен бері сусыз отыр. Таудан тірішілік нәрі ағып келетін құбыр қатып қалып, халықтың берекесі кеткен. «Үйдің өзі суып кетіп, жанымызды шүберекке түйіп отырмыз», – дейді жергілікті халық.

Четверг, 19 января 2023, 18:30

Соңғы шығарылымдар